ҚР ІІМ ҚАЖК № 24 мекемесінде АИТВ ның алдын алу бойынша дәріс
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің №24 мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған дәріс өтті.
Іс-шара АИТВ таралу, алдын алу шаралары және тұрақты тестілеу қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Дәрісті дәрігер-эпидемиолог Аукенова Аяулым Еркінқызы өткізді, ол инфекция қаупі, қорғау әдістері және АИТВ-ны уақтылы анықтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.