Шығыс Қазақстан облысында АИТВ алдын алу және ерте анықтау жұмыстары жалғасуда. Осы аптада ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Алтай ауданына іссапармен барды.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығында есепте тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдар (ЛЖВ), жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері, сондай-ақ наркологиялық есепте тұрған, бірақ әлі АИТВ-ға тексерілмеген тұлғаларға аула аралау жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсат – жоғалған науқастарды табу, тексеруден өткізу және қажетті кеңестік көмек көрсету.
Сонымен қатар, мамандар Алтай ауданының ПДО бөлімшесіне мониторингтік визит жасап, медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Семинарда АИТВ-ға тестілеу, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар, қан сынамаларын кодтау, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған ЛУИН-дерді тексеру мәселелері қарастырылды.
Мұндай іссапарлар профилактикалық жұмысты күшейтіп қана қоймай, халықтың осал топтары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.