Эпид. ситуация

На 31 августа 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

«Евромед» клиникасындағы семинар: АИТВ орталығы мамандары тәжірибе алмасты

Өскемен қаласындағы Қайсенов көшесінде орналасқан «Евромед» клиникасында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Семинар барысында қатысушылар жұқпаның берілу жолдары, тестілеудің маңызы және ем қабылдаушылармен жұмыс істеудің этикалық аспектілері жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, халық арасында АИТВ-ға тестілеуді кеңінен жүргізудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.