Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Шара барысында аймақтағы АИТВ індетінің алдын алу және таралуымен күрес мәселелері талқыланды.
Күн тәртібінде:
• ШҚО-дағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал;
• Негізгі топ өкілдерін тестілеу;
• МСМ арасында зиянды азайту бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Семинар соңында қатысушылар барлық сұрақтарды талқылап, алдағы уақыттағы бірлескен жұмыстардың бағыттарын айқындады.
Бұл басқосу тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды.