Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

ШҚО ЖИТС орталығында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Шара барысында аймақтағы АИТВ індетінің алдын алу және таралуымен күрес мәселелері талқыланды.

Күн тәртібінде:
   •   ШҚО-дағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал;
   •   Негізгі топ өкілдерін тестілеу;
   •   МСМ арасында зиянды азайту бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Семинар соңында қатысушылар барлық сұрақтарды талқылап, алдағы уақыттағы бірлескен жұмыстардың бағыттарын айқындады.

Бұл басқосу тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды.