Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

АИТВ орталығында МСМ арасында эпидемиологиялық зерттеуге дайындық талқыланды

АИТВ орталығында аутрич-қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – еркектермен жыныстық қатынаста болатын ер адамдар (МСМ) арасында формативті зерттеу жүргізу және 2025 жылға арналған эпидемиологиялық қадағалауға (ЭҚ) дайындық болды.

Қатысушылар дайындық кезеңдерін, зерттеу әдістемесін және нысаналы топпен өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары мен есептілікті уақытылы жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиналыс мамандар мен аутрич-қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, АИТВ-ның алдын алу жөніндегі ұлттық бағдарлама аясында іс-шараларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.