Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ауруханасында АИТВ бойынша семинарлар өтті

11 және 18 ақпанда ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында (диагностикалық орталық және стационар) медицина қызметкерлері үшін оқу семинарларын өткізді.

Семинар барысында АИТВ-ны диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, алдын алу шаралары және уақытылы тестілеудің маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алды.

Осындай шаралар медицина мамандарының білімін арттырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы азайтуға ықпал етеді.