2024 жылдың 9- тамызында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ-мен бірлесіп «Өз мәртебеңді біл!» атты іс-шара өткізді. Азаматтар іс-шараға белсенді қатысып, барлық еріктілерге қанды экспресс-тестілеу әдісімен зерттеу жүргізілді және АИТВ-ның алдын алу бойынша кеңестер берілді.
Мұндай шаралар қала тұрғындарын АИТВ және ЖИТС туралы білім деңгейін көтеруге, оларды АИТВ-ға тестіленуге белсендіріп, жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.