Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Өскемен қаласының №1 емханасында «Өз мәртебеңді біл!» іс-шарасы өткізілді

2024 жылдың 9- тамызында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары  «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ-мен бірлесіп «Өз мәртебеңді біл!» атты іс-шара өткізді.  Азаматтар іс-шараға белсенді қатысып, барлық еріктілерге қанды экспресс-тестілеу әдісімен зерттеу жүргізілді және АИТВ-ның алдын алу бойынша кеңестер берілді.

Мұндай шаралар қала тұрғындарын АИТВ және ЖИТС туралы білім деңгейін көтеруге, оларды АИТВ-ға тестіленуге белсендіріп, жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.