Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ДП-да АИТВ -ың алдын алу шаралары бойынша ШҚО ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологының қатысуымен облыстық семинар өтті.

ШҚО ЖИТС орталығының маманы ҚҚ «Answer» және учаскелік полиция қызметкерлерінің АИТВ-жұқпасының алдын-алу және халық арасында АИТВ жаңа жағдай тіркелген негізгі топтарды анықтау бойынша бірлескен жұмысы туралы семинарға қатысты.

Дәрігер-эпидемиолог Татьяна Башкирцева қатысушыларға Қазақстан Республикасы және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды және жұқпаның берілу жолдарын баяндады.

ҚҚ «Answer» қызметі мен оның ШҚО-да АИТВ таралуын төмендетудегі рөлін Қор директоры Татьяна Лютовская баяндады.

Жоба координаторы Оксана Магомедова «АИТВ. АИТВ алдын-алу жолдары» презинтациясын ұсынды.

Сондай-ақ кездесу барысында облыстық полиция Департаменті мен қоғамның жұпаның алдын-алу мен АИТВ жаңа жағдай тіркелген негізгі топтарды анықтау бойынша бірлескен жұмысы талқыланды.