ШҚО ЖИТС орталығының маманы ҚҚ «Answer» және учаскелік полиция қызметкерлерінің АИТВ-жұқпасының алдын-алу және халық арасында АИТВ жаңа жағдай тіркелген негізгі топтарды анықтау бойынша бірлескен жұмысы туралы семинарға қатысты.
Дәрігер-эпидемиолог Татьяна Башкирцева қатысушыларға Қазақстан Республикасы және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды және жұқпаның берілу жолдарын баяндады.
ҚҚ «Answer» қызметі мен оның ШҚО-да АИТВ таралуын төмендетудегі рөлін Қор директоры Татьяна Лютовская баяндады.
Жоба координаторы Оксана Магомедова «АИТВ. АИТВ алдын-алу жолдары» презинтациясын ұсынды.
Сондай-ақ кездесу барысында облыстық полиция Департаменті мен қоғамның жұпаның алдын-алу мен АИТВ жаңа жағдай тіркелген негізгі топтарды анықтау бойынша бірлескен жұмысы талқыланды.