Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Денсаулық фестивалі

 06.09.2014ж. Өскемен қаласындағы «Металлург»саябағында «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Флюорографияда тексерілу, қан тапсыру, артериалды қан қысымды, бойды, салмақты өлшеу жылжымалы зертханалармен бірге облыстық ЖИТС орталығының мамандары да қатысты.

АИТВ-жұқпасы бойынша ЕАҰ дәрігерлеріне арналған облыстық семинар

14.08.2014ж. ШҚО ЖИТС орталығының базасында орындарында АИТВ/ЖИТС бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауап беретін АИТВ -жұқпасы мәселесі бойынша ЕАҰ дәрігерлеріне арналған облыстық семинар өтті. АИТВ-жұқпасы індетіне қарсы күрес жөніндегі жұмысына негізгі заманауи бағыттар талқыланды, Қазақстан Республикасы және Шығыс Қазақстан облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпиджағдай талқыланды, АИТВ-жұқпасы жағдайына эпидемиологиялық зерттеу ерекшеліктері атап өтілді, қатынаста болғандарды тексеру және іздеу мерзімі айтылды, психоәлеуметтік кеңес сұрақтары қаралды.

ЖИТСтен қайтыс болғандарды еске алу күні

18.05.2014г.Өскемен қаласында  облыстық ЖИТС орталығы және АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмек «ҚУАТ» ҚҰ ұйымдастырған  ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған акция өтті.

Шараға «Ансвер» ҚҚ, наркологиялық диспансер, Жарты ай қоғамы, АИТВмен өмір сүретіндер, олардың балалары және АИТВмен өмір сүретіндердің жақындары қатысты.

Өткізілген жері: қала көшелері және ШҚ облыстық ЖИТС орталығының аймағы.

АИТВ және туберкулез бойынша диалог

30.03.2014ж.Өскемен қаласында «АИТВ және туберкулез бойынша диалог» атты акция өтті, ұйымдастырушылар ЖИТС орталығы және «Қуат» ҚҰ.Өткізілген орын: №2 қалалық консультативтік емхана.Акцияның мақсаты: АИТВ-жұқпасы және туберкулез жайлы тұрғындардың ақпараттандырылған деңгейін арттыру, медициналық тексеруден өтулеріне мотивация беру.

Синдикатты контент