Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Өскеменде АИТВ-ға тегін экспресс-тест жүргізіледі

Шара бүкіл әлемде 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылады. Шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырады. Бұл туралы Шығыс Қазақстанда АИТВ/ЖИТС тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты барысында айтылды.                                                                                                           

         Акция 28 қарашада сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін «Император» сауда орталығында өтеді. ЖИТС-тің алдын алу және  күрес орталығының қызметкерлері экспресс-тест арқылы тұрғындарды АИТВ-ға тексереді. Анықтау 20 минут ішінде жүзеге асырылады. Ал нәтиже әлі жүз пайыз есептелмейді. Оң нәтиже алған адам одан әрі зерттеуге Орталыққа шақырылып, онда талдау үшін қан сынамасы алынады.