Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

Өскеменде сауда орталықтарының бірінде акция өтті

1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында 28 қарашада «Император»  сауда орталығында «Answer» және «Сенің әлемің» ҚҚ үкіметтік емес ұйымдары ЖИТС орталығымен бірлесіп халық арасында акция өткізді. Орталық қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттар, келесі жылдың күнтізбелері бар буклеттер таратып, АИТВ инфекциясы туралы әңгімеледі. Сауда орталығына келушілер де АИТВ инфекциясына жедел тестілеуден өтті. Қызығушылық танытқандар аз болмады. Үкіметтік емес ұйымдар АИТВ-инфекциясы туралы білімдер бойынша викторина өткізді, дұрыс жауап бергендердің барлығы бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара барысында АИТВ-ға экспресс-тестілеу сауда орталығының өзінде және сауда үйінің ауласындағы жылжымалы пунктте ұйымдастырылды.  Барлығы 200-ге жуық адам қамтылды.