«Туберкулезді жеңе аламыз» ұранымен өткен туберкулезге қарсы айлық аясында өткен дөңгелек үстел отырысына облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Марина Жеголко қатысты. Ол Шығыс Қазақстан облысының 2022 жылдың 12 айындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасады. ЖИТС орталығында есепте тұрған науқастардың арасында туберкулезбен ауыратындар көп, сондықтан инфекционист дәрігерлер облыстық фтизиатриялық орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейді.