Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментімен кездесу.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшылығымен және Өскемен қаласында орналасқан медициналық бөлімшелердің басшыларымен (ОВ 156/1,2,3,20 мекемелер) ШҚО ЖИТС орталығында  ведомствоаралық кеңес өтті.

Жиналыстың күн тәртібі:

- бірлескен іс-шаралар жоспарының қорытындысын шығару;

- облыстағы және пенитенциарлық жүйедегі АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы. Баяндамашы: эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі С.Қ.Кеңиспекова;

- ҚАЖД  мекемелерінде АИТВ мен өмір сүретіндерді диспансерлік бақылау. Баяндамашы: Емдеу алдын алу бөлмінің  меңгерушісі Н.А. Оралбаева ;

- қан сынамасын алу және биоматериалды диагностикалық зертханаға жеткізу. Баяндамашы: диагностикалық зертхана меңгерушісі О.Корякина;

Отырыс нәтижесінде 23 тармақтан тұратын жазбаша шешім қабылданды.