Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

Кәсіпорын қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша іс-шара.

22 қыркүйекте ШҚО ЖИТС орталығының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы заңнама  нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар назарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының негіздері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары ұсынылды.

Шараға орталық әкімшілігі, дәрігерлер, медбикелер мен техникалық қызметкерлер қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған плакаттар көрсетілді.

Әңгімелесу барысында орталықтың комплаенс қызметкері- Т.Н.Гуляева іс-шара барысында туындаған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берді.