Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

26 маусым Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні

  Нашақорлық бүкіл планета тұрғындарының, оның ішінде Қазақстанның денсаулығына жаһандық қауіп төндіреді. Нашақорлар саны жылдан жылға көбейіп, жасы да жасарып келеді. Бұл жеке адамның немесе отбасының емес, жаһандық мәселе. Осыған орай жарияланған Есірткіге қарсы күрес күні – бұл мәселеге назар аудару ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамды сауықтыру, жеке рухани дағдарысты жою және өмірді растайтын жаңа құндылықтарды қалыптастыру.

  Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес күні өз алдына мынадай міндеттер қояды:

- барлық қолжетімді БАҚ арқылы есірткіге қарсы күрес күні туралы хабарлау

      - барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері үшін семинарлар мен конференциялар өткізу

   - нашақорлықпен күресу бойынша мамандарды көпшілік алдында сөз сөйлеуге тарту

   - көрнекі үгіт-насихат материалдарын тарату (буклеттер, парақшалар, жадынамалар)

   - адам көп жиналатын орындарда ақпараттық стендтер орнатуды ұйымдастыру

   - «сенім телефондарының» жұмысын жолға қою

  - мәдениет бөлімімен және спорт комитетімен бірлесіп тақырыптық әдебиеттер көрмелерін және спорттық жарыстарды ұйымдастыру;

  - жастардың волонтерлік ұйымдарын жұмысқа тарту

  - БАҚ арқылы салауатты өмір салтының артықшылықтарын насихаттау

  - бұқаралық акцияларды ұйымдастыруды ынталандыру: флешмобтар, би воркауттары және т.б.