Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша Глубокое ауданы екінші орында, сондықтан АИТВ-инфекциясы тақырыбы аудандағы медицина қызметкерлері үшін өзекті болып табылады. Глубокое аудандық орталық аудандық ауруханасына консультативтік көмек көрсету үшін ЖИТС орталығы емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі Наталья Оралбаева мен дәрігер эпидемиолог Татьяна Башкирцева келіп, онда инфекцияның клиникалық көріністері, АРВ терапиясы; қанмен жұмыс істеу кезіндегі әмбебап сақтық шаралары туралы семинар өткізді.