Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

Өскеменде ЖМҚК арасында ЭСЖ басталды

  12 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы тағы бір рет Өскемен мен Семей қалаларында есірткіні инъекциялық жолмен қолданатын адамдар арасында ЭҚ – зерттеуді бастады. Стандартты зерттеу әдістемесі ауызша ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін сұхбат алуды және әрбір респондентке тестілеуге дейінгі және кейінгі кеңес беру арқылы АИТВ, , мерезге байланысты анонимді тестілеуді қамтиды.

PWID арасында биомінез-құлық зерттеуін жүргізу кезінде RDS әдісі қолданылды (респонденттердің өздері құрастырған үлгі).

  Қан алу сүзгі сынама карталарында құрғақ капиллярлық тамшы әдісімен жүргізіледі. Қанның құрғақ тамшысы АИТВ, вирустық гепатит С және мерезге тексеріледі. Деректер планшетте орналастырылған сауалнамаға енгізіледі, одан ақпарат e-ДЭН онлайн ақпараттық жүйесіне беріледі.

Мұндай зерттеу негізгі топтар арасында мінез-құлық пен серологиялық қадағалауға мүмкіндік береді.