Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Наталья Оралбаева мен Татьяна Башкирцева облыстық Қан орталығының қызметкерлеріне семинар өткізді.
Өтілетін тақырыптар: АИТВ-инфекциясының клиникалық көріністері, АРТ терапиясы; АИТВ бойынша облыстағы эпидемиологиялық жағдай; қанмен жұмыс істеудің әмбебап сақтық шаралары; медициналық манипуляциялармен байланысты инфекциялардың алдын алу, төтенше жағдайларда экспозициядан кейінгі профилактика алгоритмі.