Риддер қаласындағы амбулаториялық орталықта Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында мамандар АИТВ-ның алдын алу бойынша өзекті мәліметтерді түсіндіріп, ерте анықтау алгоритмдерін, пациенттерді жолдау тәртібін және кеңес беру ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар осал топтармен жұмыс жүргізу мәселелеріне де көңіл бөлінді.
Өткізілген семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жаңартуға және АИТВ профилактикасы бағытындағы дағдыларын күшейтуге мүмкіндік берді.


