«Евромед» клиникасында ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медициналық қызметкерлерге арналған оқу семинарын өткізді.
Кездесудің мақсаты - мамандардың АИТВ-инфекциясының алдын алу мен диагностикалаудың заманауи тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру.
Эпидемиолог-дәрігер Г.К. Нұрпейсова 2025 жылдың 1 қазанына дейінгі облыстағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жасап, қатысушыларды АИТВ-ның алдын алу жөніндегі нормативтік құжаттармен таныстырды.
Профилактикалық бөлімнің меңгерушісі А.Е. Аукенова АИТВ-ға міндетті тексеру, жылдам тестілеу әдістемесі және тест-жүйелерге онлайн тапсырыс беру тәртібі туралы баяндама жасады.
Орталықтың аға зертханашысы Г.В. Сулгангалиева жұмыс орнында жылдам тестілеу жүргізу бойынша тәжірибелік оқыту өткізді.
Семинар ШҚО ЖИТС орталығы мен «Евромед» клиникасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өңір медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етті.

