Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Колледж студенттеріне АИТВ алдын алу тақырыбында дәріс өтті

Өскемен технология және сервис колледжінде ШҚО ЖИТС орталығы мен №2 емхананың жастар орталығы бірлесіп дәріс өткізді.

Мамандар студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы айтып, кең таралған қате түсініктерді жоққа шығарды.

Кездесу барысында қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, бейнеролик пен презентация көрсетілді. Шараның мақсаты – жастардың АИТВ мәселесі жөніндегі білімін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.