Ана мен бала орталығының педиатриялық блогында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Гулнар Қабдуллаевна қатысумен семинар өтті.
Кездесу барысында АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды бақылау мәселелері қарастырылып, экспресс-тестілеу үдерісінің көрсетілімі өткізілді.
Маман ерте диагностиканың және мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықтың ана мен баланың денсаулығын қорғаудағы маңыздылығын атап өтті.