Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Катонқарағай аудандық орталық ауруханасында семинар өткізіп, медициналық қызметкерлердің жұмысына мониторинг жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша медициналық қызметкерлердің білімін арттыру, заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін түсіндіру.
Семинар барысында дәрігерлерге эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары, АИТВ жұқтыру қаупі жоғары топтармен жұмыс істеу әдістері және пациенттерге психологиялық қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша аудандық медицина қызметкерлерінің профилактикалық және ақпараттық жұмысқа белсенді қатысып отырғаны атап өтілді.