ТОО «МФО Robocash.kz» компаниясының мамандарына арналған АИТВ профилактикасы бойынша ақпараттық лекция ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің ауру туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген ақпарат алуына, алдын алу шараларын білуіне және стигма мен дискриминацияны азайтуға ықпал ету.
Лекция барысында мамандарға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу әдістері, заманауи емдеу мүмкіндіктері жайлы мәлімет берілді. Сондай-ақ қатысушылар сұрақ қойып, өздерін толғандырған тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер қоғамда денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды, әрбір азаматтың ақпараттану деңгейін арттыруды және АИТВ-ға қатысты қате пікірлердің азаюын қамтамасыз етеді.