АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, негізгі топтарға диагностика, алдын алу және медициналық қызметтер көрсету, сондай-ақ АИТВ-ның вертикалды жолмен берілуінің алдын алу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мониторингтік тобы келді.
30 маусым мен 4 шілде аралығында жұмыс тобы ШҚО ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығын, қалалық ауруханалар мен өңірдің медициналық мекемелерін аралайды. Жоспарланған жұмысқа талдау жүргізіліп, жергілікті мамандарға кеңес және әдістемелік қолдау көрсетіледі.
Комиссия құрамында:
• Утегенова А.К. – ҚДИАҒО клиникалық мониторинг бөлімінің дәрігері;
• Тажибаева Г.Х. – зертхана меңгерушісі;
• Кикбаева Г.И. – дәрілік менеджмент жөніндегі маман;
• Ганина Л.Ю. – эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің эпидемиолог дәрігері.
Мониторингтік топтың жұмысы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, мекемелер арасындағы үйлестіруді жақсартуға және АИТВ-инфекциясының алдын алудың заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған.