ҚР ІІМ-нің «73-мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінде сотталғандар арасында АИТВ-ның алдын алу, стигма мен кемсітушілікпен күрес тақырыптарында ақпараттық дәріс өткізілді.
Дәрісті эпидемиолог дәрігер Аяулым Аукенова жүргізді. Ол АИТВ жұғу жолдары, қорғану әдістері туралы айтып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты қоғамда қалыптасқан жалған түсініктер мен стереотиптерді жоққа шығарды.
Негізгі мақсат – сотталғандар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру және АИТВ жұқтырған адамдарға деген толерантты көзқарасты қалыптастыру.
АИТВ – үкім емес. Ал стигма мен кемсітушілік – нағыз қауіп.