Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығындағы аутрич-қызметкерлерге арналған семинар: жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарлар

Іс-шараға орталықтың бас дәрігері, заңгер және алдын алу бөлімінің өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты – 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысты қорытындылап, алдағы кезеңге басымдықтарды белгілеу.

Кездесу барысында нәтижелер мен аутрич-қызметкерлердің кездесетін қиындықтары талқыланды. Олардың АИТВ алдын алудағы, стигманы төмендетудегі және негізгі топтармен жұмыс жасаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Орталықтың заңгері клиенттер мен қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін қозғап, этикалық нормалар мен құпиялылықты сақтау қажеттігін еске салды. Алдын алу өкілдері аутрич-мамандарға қолдау білдіріп, команданың психологиялық әл-ауқатына көңіл бөлу керектігін айтты.

Келесі тоқсандағы жоспарлар:
   •   Негізгі топтарды қамтуды кеңейту;
   •   Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
   •   Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Семинар тәжірибе алмасу және алдағы уақытта осындай кездесулерді тұрақты өткізу туралы келісіммен аяқталды.