Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Бақылау іс жүзінде: ШҚО амбулаториялық орталығы АИТВ-мен күрес шараларын күшейтуде

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мониторинг аясында амбулаториялық орталыққа жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты мақсаты – АИТВ инфекциясын ерте анықтау және алдын алу бойынша медицина қызметкерлеріне кеңестік-әдістемелік көмек көрсету болды.

ЖИТС орталығының дәрігерлері жалпы практика және бейінді мамандардың кабинеттерін аралап, медициналық құжаттаманы, ұйымдық процестерді және процедуралық кабинеттердің жұмысын тексерді. Ерекше назар экспресс-тест жүргізуге аударылды – саусақтан капиллярлық қан алу іс жүзінде көрсетілді.

Сондай-ақ мамандар дәрігерлер мен зертханашылардың сұрақтарына жауап беріп, анализ алуға жолдама беру кезінде қолданылатын дұрыс кодтарды түсіндірді. Бұл – диагностиканың стандарттарын сақтау үшін аса маңызды.

Мониторингтік сапар оқыту семинарымен аяқталды. Семинарда АИТВ-ға тексеруге арналған клиникалық көрсеткіштер мен барлық медициналық ұйымдардың бірыңғай форматта жұмыс істеу маңыздылығы талқыланды. Атап айтқанда, аталған амбулаториялық орталықта жүкті әйелдердің серіктестерін АИТВ-ға тексерумен 100% қамтуға қол жеткізілгені ерекше атап өтілді – бұл инфекцияның вертикалды жолмен берілуінің алдын алудағы тиімді жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің бірі.