«Самар аграрлық-техникалық колледжінде» АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Шараға Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Аяулым Аукенова қатысып, колледждің студенттері мен оқытушыларына түсіндіру жұмысын жүргізді.
Маман АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу әдістері туралы айтып, бұл індетке қатысты кең тараған қате түсініктерді жоққа шығарды. Сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мен тұрақты тексеріліп тұрудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Мұндай кездесулер жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп, алдын алу шаралары туралы білімін арттыруға көмектеседі.