Шығыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Самар ауданының аудандық ауруханасына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты — АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жергілікті медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мониторинг жүргізу.
Сапар барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық көмектің сапасы мен қолданыстағы стандарттарға сәйкестігі тексерілді, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің ұйымдастырылуы бағаланды. Ерекше назар АИТВ жұқтырғандарды уақтылы есепке алу мен емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге аударылды.
Сонымен қатар, орталық мамандары дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне арнап оқыту семинарын өткізді. Семинарда АИТВ-ны емдеудің заманауи әдістері, науқастарды анықтау мен сүйемелдеу алгоритмдері сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды. Медициналық қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға мүмкіндік алды.