Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығында ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараны орталықтың информатика бөлімі медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырды.
Семинар барысында цифрлық кеңістіктегі өзекті қауіптер, медициналық ақпаратты қорғаудың ерекшеліктері және дербес деректердің таралуының алдын алу жолдары талқыланды. Әсіресе пациенттердің ақпаратын қауіпсіз сақтау мен өңдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді, себебі мұндай мәліметтердің таралуы мекеменің беделіне зиян келтіріп қана қоймай, заңды жауапкершілікке де әкеп соғуы мүмкін.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында киберқауіпсіздік – медицина мекемелері үшін басты міндеттердің бірі. Әсіресе пациенттердің дербес деректерін қорғау аса маңызды, өйткені құпиялылық пен сенім – сапалы медициналық көмектің негізі.
Семинар қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік жүйесін нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.