Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Онкология және хирургия орталығындағы семинар

4 сәуір күні Көпсалалы «Онкология және хирургия орталығында» медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу және диагностикасының өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті.

Семинар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптарын және өңірдің емдеу-алдын алу мекемелерінде бекітілген індетке қарсы іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Нұрпейісова Г.К. АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтау үшін клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша науқастарды тексеру талаптарын атап өтті, әсіресе клиникалық белгілері бар пациенттерге ерекше назар аударылды.

Семинар барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі барысында туындайтын апаттық жағдайларды тіркеу, сондай-ақ жедел тестілеу рәсімдері мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қан алу, оны зертханаға тасымалдау және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау ережелері де назардан тыс қалмады.

Семинар бағдарламасы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың негізгі аспектілерін, АИТВ-ның алдын алу жөніндегі нормативтік құжаттарды, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті тексерудің маңыздылығын қамтыды. Сонымен қатар, жүкті әйелдер мен олардың серіктестерін тексеру мониторингі, донорларды тексеру, қосалқы репродуктивтік технологиялар рәсімдерін сақтау, қан реципиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АИТВ жұқтырған пациенттерге операция жүргізу және медицина қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алудың әмбебап шаралары қарастырылды.

Семинарға қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, тәжірибелік байқауларымен бөлісті. Бұл АИТВ-ның алдын алуға деген көзқарасты тереңірек түсінуге ықпал етті.

Семинардың қорытынды тақырыбы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу болды. АИТВ-статусы бар пациенттермен қарым-қатынас ерекшеліктері талқыланып, медициналық ұйымдарда және жалпы қоғамда АӨА-ға толерантты көзқарас қалыптастыру мен қауіпсіз әрі қолдаушы орта құрудың маңыздылығы атап өтілді.

Семинар медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша білімдерін жаңартуға, практикалық аспектілерді талқылауға мүмкіндік беріп, медициналық көмектің сапасын арттыруға және халық денсаулығын қорғауға оң әсерін тигізді.