Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері №1 емханаға мониторингтік сапар жасады

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері №1 емханаға мониторингтік сапар жасады. Сапардың мақсаты – құжаттаманың жүргізілуін тексеру, медицина қызметкерлерін оқыту және АИТВ-ның алдын алу бойынша өзекті ақпаратпен бөлісу.

Мамандар қан алудың дұрыс әдістеріне, биологиялық материалдармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларына және АИТВ жұқтырудың алдын алу бойынша жаңартылған ұсыныстарға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріліп, профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер берілді.