Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Өскемен қаласындағы №22 мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған дәріс

Өскемен қаласындағы №22 мектебінде 9–11 сынып оқушыларына арналған АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Сабақты ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Аяулым Еркиновна Аукенова жүргізді.

Оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, оның алдын алу шаралары және қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, вирусқа қатысты кең таралған мифтер мен оны анықтау әдістері туралы айтылды. Дәріс оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінуге көмектесті.