Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері және «Aqniet» денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы кәсіподағының өкілдері арнайы балалар үйіне барып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Шара барысында бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар балалардың көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылулық сыйлауды мақсат етті.

Осындай игі істер қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Шараны ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.