Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ЖИТС орталығының мамандары трансфузиология жөніндегі конференцияға қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының мамандары клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған облыстық конференцияға қатысты.

Іс-шарада «АИТВ инфекциясы: эпидемиологиялық жағдай және алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасаған эпидемиолог-дәрігер Татьяна Михайловна Башкирцева аймақтағы АИТВ жұқпасының таралуы туралы өзекті мәліметтерді ұсынды. Ол дер кезінде диагностика жүргізу, алдын алу шаралары мен ұжымдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Бұл конференция трансфузиология және жұқпалы аурулардың алдын алу саласында жұмыс істейтін мамандардың тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.