Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының мониторингтік тобы Зайсан аудандық ауруханасында әдістемелік-консультативтік көмек көрсету мақсатында іс-сапар өткізді

Іс-сапар барысында медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностика және емдеу бойынша кеңестер берілді. Мамандар қазіргі заманғы тестілеу әдістерін, антиретровирустық терапияның қолжетімділігін қамтамасыз ету және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, орталық мамандары оқыту семинарын өткізді, онда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер ұсынылды. Семинарда қатысушыларға науқастармен жұмыс істеудің негізгі әдістері көрсетілді. Стигма мен кемсітуді төмендету, халықтың хабардарлығын арттыру және АИТВ-ға тұрақты тестілеудің маңыздылығы мәселелері де талқыланды.