Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Астанада «АИТВ алдын алу бойынша онлайн құралдар» атты тренингі өтті

Астанада негізгі топтар арасында АИТВ-ның алдын алу үшін онлайн құралдарды тиімді пайдалану тақырыбында тренинг өтті. Глобалды қор мен Қазақстанның дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының қолдауымен өткен шараның мақсаты — Қазақстандағы АИТВ-ның алдын алу бағдарламаларында онлайн құралдардың тиімділігін арттыру.

Тренингке ШҚО ЖИТС орталығының мамандары қатысты. Іс-шарада қазіргі заманғы цифрлық платформаларды және әдістерді қолдану туралы білім мен дағдылар талқыланды. Бұл жұмыс негізгі топтарға ақпаратты, кеңес беруді және қолдауды қолжетімді етуге бағытталған. Бағдарлама мақсаты — АИТВ-мен күрес бойынша күш-жігерді арттыру және мамандарға қоғаммен тиімді байланыс орнату үшін онлайн ресурстарды пайдалану.