Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Үлбі металлургия зауытындағы ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті

5 қыркүйекте Үлбі металлургия зауытының (ҮМЗ) аумағында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлердің АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Акция барысында зауыт қызметкерлері АИТВ-ға тегін тестілеуден өтуге, сондай-ақ мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алды. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясын жүйелі түрде тексеру мен ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Іс-шара барысында АИТВ және ЖИТС туралы мифтерді жоюға ерекше назар аударылды. Көптеген адамдар әлі күнге дейін АИТВ тек халықтың жекелеген топтарына қатысты деп санайды, дегенмен статистика көрсеткендей, вирус өмір салтына қарамастан барлығына әсер етуі мүмкін. Зауыт қызметкерлеріне вирустың таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылып, буклеттер мен контрацепция құралдары таратылды.

ЖИТС орталығының өкілдері "Өз мәртебеңді біл" акциясы өзін қорғаудың жолы ғана емес, сонымен қатар емдеуді уақытында бастау мүмкіндігі екенін атап өтті. АИТВ-ны ерте анықтау адамдарға заманауи терапия әдістерінің арқасында толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.

ҮМЗ қызметкерлері тестілеуден өту және пайдалы ақпарат алу мүмкіндігін жоғары бағалады. Зауыт басшылығы ұжымның денсаулығың жақсартуға бағытталған корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды элементі деп есептей отырып, осындай іс-шараларды қолдайды.

Акция жалғасуда және ЖИТС орталығы өз жұмысын аймақтың барлық тұрғындарын денсаулығына мұқият болуға және тестілеуден өтуге шақырады.