Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары “Левобережная клиника" медициналық мекемесінде жоспарлы мониторинг жүргізді

28 тамыз 2024 жылы Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары “Левобережная клиника" медициналық мекемесінде жоспарлы мониторинг жүргізді.

Басты мақсаты - практикалық-әдістемелік көмек. Жұмыс барысында АИТВ-инфекциясы бойынша статистикалық есептілікті жүргізу талдауы болды. Сонымен қатар зертханалардың жұмысына ерекше назар аударылды. ШҚО ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясына талдау жүргізу сапасын, барлық қажетті санитарлық нормалар мен стандарттардың сақталуын тексерді.

Сарапшылар медицина қызметкерлерімен ақпараттық жұмыс жүргізді, сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу ережелерін сақталуын тексерді.

Эпидемиолог-дәрігерлер статистикалық есептілікті талдау жүргізді. ЖИТС орталығының мамандары клиникада АИТВ-инфекциясы бар пациенттерді есепке алу қалай жүргізілетінін зерттеді, мемлекеттік органдарға деректердің дәлдігі мен уақтылығын тексерді.

Мониторинг қорытындысы бойынша Медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруға және ұйымдастыру процестерін жақсартуға бағытталған бірқатар ұсынымдар айтылды.

Клиника барлық ұсыныстарды назарға алып, оларды енгізу бойынша жұмысты бастады, бұл денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерді үнемі жетілдіруге және сақтауға деген ұмтылысты көрсетеді.