Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығы 2-Медико-санитарлық бөлімде мониторинг өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығы облыс орталығының денсаулық сақтау мекемелерінде бірқатар мониторингтік сапарларын жалғастыруда.

23 тамыз 2024 жылы Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығы 2-Медико-санитарлық бөлімде мониторинг өткізді.

Басты мақсат - АИТВ-инфекциясын емдеуің мен алдын алудың ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, белгіленген стандарттардың сақталуын тексеру.

АИТВ диагностикасының дұрыстығы мен уақыттылығына, медициналық құжаттаманы жүргізуге басты назар аударылды. Орталық мамандары халықтың осал топтары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша жұмысты бағалады және экспресс-тесттердің бар-жоғын тексерді.

Мониторинг қорытындылары медициналық көмектің сапасын жақсарту және алдын алу шараларын күшейту үшін пайдаланылатын болады.