Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары "Ем Алу плюс" ЖШС емханасында мониторингтік жұмыс өткізді

20 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары "Ем Алу плюс" ЖШС емханасында мониторингтік жұмыс өткізді.

Сапар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мен емдеуге және әдістемелік көмек көрсетуге байланысты медициналық қызмет көрсету сапасын бағалауға бағытталған. Сапар барысында ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуын тексерді, құжаттамаға талдау жүргізді, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Мұндай шаралар медициналық көмек деңгейін арттыру және АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін маңызды.