2024 жылдың 11 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында бас дәрігер Фатихова Салтанат Ерболатқызы ШҚО ЖИТС орталығының 6 айдағы қызметінің қорытындысы туралы баяндама жасады. Облыстағы ЖИТС-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал, түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары айтылды.
Баяндаманың соңында Фатихова Салтанат Ерболатқызы ЖИТС-инфекциясының алдын алуда облыстың барлық медициналық мекемелердің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.