31 мамыр, жұма күні Красина кентіндегі №17 ҚР ІІМ ҚАЖК мекемесінде сотталғандар үшін дәріс өткізілді.
«АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбындағы әңгімені дәрігер-эпидемиолог Гүлнар Нұрпейісова мен дәрігер инфекционист Майра Рахимова жүргізді.
Мамандар қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарды міндетті түрде АИТВ-ға тестілеу туралы айтты. Қылмыстық-атқару жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу жолдарына егжей-тегжейлі тоқталды. Стигма мен кемсітушілік тақырыбына мән берді.
Жыл сайын дәрісті №17 мекеменің санитарлық дәрігері Азамат Серікбайұлы ұйымдастырады.
Дәріске ҚР ІІМ ҚАЖК мекемесінің № 17 мекемесінен 370 сотталушы тыңдады.