Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары бір күнде екі дәріс оқыды.

Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы мен Защита темір жол ауруханасы қызметкерлері үшін медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу бойынша семинарлар өткізілді.

            ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Шығыс Қазақстан облысының эпидемиологтары Гүлнар Нұрпейісова мен Татьяна Башкирцева жиналғандарға республикадағы және облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты АИТВ-ға міндетті скринингтен өткізу туралы ақпарат берді (балалар мен ересектерде), сондай-ақ реципиенттер мен жүкті әйелдерді тексеру туралы.

  Ал Орталықтың эпидемиологы Жанна Асенова АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, жұқтырғанға дейінгі және жұқтырғаннан кейінгі профилактика туралы, қан үлгілерін ИФТ үшін кодтау ережелері, АИТВ-ға қан жинау және ШҚО ЖИТС орталығына оны жеткізу ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

            Дәрігерлермен төтенше жағдайларды қарастырып, АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді қалай жүргізу керектігі жөнінде тәжірибелік сабақтар өткздік