Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Татьяна Башкирцева Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының мамандарына эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Сондай-ақ Татьяна Михайловна клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды АИТВ-ға міндетті скринингтік тексеруден өткізу туралы хабарлады. Жиын соңында төтенше жағдайлар талқыланып, зардап шеккенге дейінгі және одан кейінгі алдын алу шаралары талқыланды. Дәрігерлерге АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді қалай жүргізу керектігі бойынша шеберлік сабағы өтті.