Дәрігерлерді АИТВ-ның алдын алу мәселелерімен таныстырды. Олар облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. АИТВ диагнозы бар жүкті әйелдерді емдеу шаралары, инфекцияның анадан балаға берілуінің алдын алу, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін жүктілік кезінде міндетті түрде тексеру туралы айтылды. Кездесу барысында қатынастан кейінгі және қатынастың алдындағы профилактика талқыланды. Сондай-ақ АИТВның оң статусы бар әйелдерден туған нәрестелердің қанын «Капиллярлық қанның құрғақ тамшысы» әдісімен алу бойынша тәжірибелік сабақ өтті. Кездесу соңында АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша тәжірибелік оқытудың шеберлік сабағы өткізілді.